Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ертіс ауданы білім беру бөлімінің «Қарақұдық жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ«Каракудукская средняя общеобразовательная школа» отдела образования Иртышского района, управления образования Павлодарской области
|
|
---|
Главная
26
Наурыз
2024
|

Ертіс ауданының 10 мектебінің жас мамандары мен олардың тәлімгерлері "Педагогикалық дуэт-2024" атты аудандық байқауына қатысты. Мектебіміздің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, әрі тәлімгер Аманкулова Ү.И. және жас маман Қанайбек Х.А. осы байқауға қатысып келді. Жас маманымызға алдағы уақытта шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз.
26
Наурыз
2024
|

Шежіре күні - бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Осы мақсатта мектебімізде 1-11 сынып оқушылары арасында "Жеті ата" шежіре байқауы ұйымдастырылды
26
Наурыз
2024
|

Жоспарға сәйкес бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен "Қош келдің, әз-Наурыз" атты мерекелік концерттік іс-шарасы өткізілді. Шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Әжелеріміз балаларға шашу шашып, салт-дәстүріміздің бірі "Бесікке салу" рәсімін көрсетті. "Қыз қуу" , "Қол күрес", "Арқан тарту" ойындары ұйымдастырылып, оқушылармыз белсенділікпен қатысты
26
Наурыз
2024
|

Бүгін – Жаңару күні. Өткенді қайта қарап, болашаққа жоспар құру кезеңі. Наурызнамаға енгізілген бұл атаулы күнді биыл көктемгі ағаш егу дәстүрімен бастау ұсынылды. Мерекеге орай, еліміздің әр түкпірінде түрлі шара өткізілуде. Мектепте мерекелік іс-шаралар жоспарланған, соның бірі - мектеп оқушыларының гүл көшеттерін отырғызуы
26
Наурыз
2024
|

Күй айтысы (айтыс күйлер) — күй тартып, өнер сайысына түсу, қолма-қол тұтқиылдан күй шығарыл өнер жарыстыру.

Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар.
Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.
Осыған орай республикалық Наурыз меркесіне арналған онкүндік шеңберінде 18 наурыз – «Ұлттық киім» күні аталып өтеді.
Іс-шараның мақсаты — қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау
26
Наурыз
2024
|

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушылары ның арасында Кеңес Одағының Батыры және Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған аудандық мылтықпен ату жарысы өткізіліп, жарыс қорытындысы бойынша 51 жастан жоғары буын өкілдері арасында мектебіміздің алғашқы әскери және тенологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Исабеков Сансызбай Кудайбергенович І орынға ие болды.
Құттықтаймыз!!!