
Мектебімізде "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын ұйымдастыру" атты ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиынға ата-аналар, мектеп әкімшілігі және сынып жетекшілер қатысты. Күн тәртібінде 4 сұрақ қарастырылды:
1. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын ұйымдастыру;
2. "Даналық мектебі" кеңесінің мүшелерін сайлау;
3. "Буллинг және кибербуллинг: алдын алу және күрес жолдары" тақырыбында кеңес беру;
4. Әртүрлі сұрақтар.
Жиын соңында жұмыс тобы мен "Даналық мектебі" кеңесінің мүшелері сайланды. Ата-аналар қолдау орталығының бағдарламасымен таныстырылды. "Буллинг және кибербуллинг: алдын алу және күрес жолдары" жайлы ақпарат берілді



