Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ертіс ауданы білім беру бөлімінің «Қарақұдық жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ«Каракудукская средняя общеобразовательная школа» отдела образования Иртышского района, управления образования Павлодарской области
|
|
---|
Главная
7
Желтоқсан
2024
|
2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
26
Наурыз
2024
|

21 наурыз - Ынтымақ күні.
3 сынып оқушылары Қожайберді Үмітжан және Қожайберді Әлижан Наурыз мейрамына орай өз тілектерін білдірді
26
Наурыз
2024
|

Мектебімізде Ұлыстың ұлы күніне орай "Армысың, әз-Наурыз!" атты мәдени-спорттық іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Шара 2 бөлімнен: концерттік бағдарлама және спорттық ойындардан құралды. Концерттік бағдарламада оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Спорттық ойындар бөлімінде оқушылар : "Асық ату", "Бес асық", "Қол күрес" бойынша бақтарын сынады. Шара соңында "Ең үздік ұлттық киім", "Жеті ата" шежіре байқауы және спорттық ойындар бойынша қорытынды жасалып, марапаттау рәсімі өтті.
Қорытынды бойынша, "Бес асық" ойынында жеңімпаз Жасқайрат Данэль - 7 сынып оқушысы, "Асық атуда" Жамбыл Ғабит - 7 сынып оқушысы болса, "Қол күрестен" 5-8 сынып оқушылары арасында Жумашев Айзат- 8 сынып оқушысы және 9-11 сынып оқушылары арасында Рустанбеков Адиль, "Жеті ата" шежіре байқауы бойынша, Сәлмен Данат 6 сынып оқушысы І-орынға, 2 сынып оқушылары Хурмет Рамазан ІІ-орын және Женисов Айсултан ІІІ-орынға ие болды.
Құттықтаймыз!!!

Біздің ұлттық спортымыз – тек сайыс пен жарыс емес, онда көшпелі тұрмыстың рухы бар. Ұлы Далада күш-қайрат, ептілік, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылыс, жақындарына тіреу болу қабілеті өмір сүру мен дамудың кілті саналған. Осы ойындарды тамашалау арқылы көпшілік халқымыздың салт-дәстүрімен де таныса алады
26
Наурыз
2024
|

Оқушыларымыздың экологиялық білімдерін тереңдету мақсатында, "Жер сағаты" атты экологиялық диктант өткізілді