Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ертіс ауданы білім беру бөлімінің «Қарақұдық жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ«Каракудукская средняя общеобразовательная школа» отдела образования Иртышского района, управления образования Павлодарской области
|
|
---|
Главная
26
Наурыз
2024
|

"Наурыз - балалардың басты мерекесі"
Ұлттық ойын "Тоғызқұмалақтан" мектепішілік турнир
12
Наурыз
2024
|

"Наурыз - балалар үшін басты мереке"
Ұлттық ойын "Асық ату"
23
Ақпан
2024
|

Аудан орталығында 8-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша қазақ тілі және әдебиеті пәнінен мектебіміздің 9-сынып оқушысы Жұматай Жансая ІІІ-орын,
жетекшісі: К.Ж. Шарипов және
орыс тілі және әдебиеті пәнінен 10-сынып оқушысы Оспанова Арайлым ІІІ-орынға ие болды,
жетекшісі: Ү.И. Аманкулова
Құттықтаймыз!!!
23
Ақпан
2024
|

Мектебіміздктепіе мешілік әдістемелік кеңес өткізілді. Күн тәртібінде бірнеше сұрақтар қарастырылды:
1. 19 қаңтар күні Астанада өткен директорлар форумында көтерілген сұрақтар бойынша, мектеп директоры Жакиенова Қ.Қ. түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
2. 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсанда айлары кезінде өткізілген оқу-тәрбие іс-шаралары бойынша қорытынды жасалды.
3. ІІ-жартыжылдықтың басталуына байланысты әртүрлі сұрақтар қарастырылды.
23
Ақпан
2024
|

"Мирас" ұлдар клубының бірден бір мақсаты: құқықбұзушылықты алдын алу, нашақорлық пен есіткісіз салауатты өмір салтын қалыптастыру болғандықтан, мектеп психологы Сызаева К.К. оқушыларымызбен әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында мектеп ережесі мен оны сақтау, СӨС-ын қалыптастыру бойынша әңгіме жүргізді
23
Ақпан
2024
|

Мектебімізде мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиында бірнеше сұрақтар қарастырылды: І-жарты жылдық бойынша қорытындыны мектеп директоры Жакиенова Қ.Қ. жасады. Сөзінде, 2023 жылы мектебімізге жаңа заманға сай жиһаз, оқушыларға арналған ұлттық киім және спорттық құрал-жабдықтар алынғанын атап өтті; Құқықтық бұзушылықты алдын алу жұмыстары бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жусупова Д.С. қандай жұмыстар атқарылғаны жайлы айтты; Мектебіміздің психологы Сызаева К.К. ата-аналармен психологиялық тренинг өткізіп, ойын соңында ата-аналар мектеп ұжымына деген ізгі тілектерін жазды.
23
Ақпан
2024
|

Қаңтар айының 29 жұлдызы күні "Балалар шығармашылық және бос уақытты қамту орталығының" ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік сайлау күніне арналған аудандық пікірталас турнирі өткізілді. Турнирге мектебіміздің "Жас Алаш" командасы да қатысып, команда спикері Оспанова Арайлым "Дебат жұлдызы" номинациясына ие болды.
Құттықтаймыз!!!
19
Ақпан
2024
|

Қарақұдық ЖОББМ-нің ұжымы болып "Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек" атты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын талқыладық