Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ертіс ауданы білім беру бөлімінің «Қарақұдық жалпы орта білім беру мектебі» КММ
КГУ«Каракудукская средняя общеобразовательная школа» отдела образования Иртышского района, управления образования Павлодарской области
|
|
---|
Главная
26
Наурыз
2024
|

"17 наурыз - Шаңырақ күні". Бұл күн сүйіспеншілік, құрмет, сенім, өзара көмек, мейірімділік, жанашырлық, анаға құрмет және ұрпақ сүю сияқты отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған.
Қазақ дүниетанымында шаңырақ – шеңбердің символы, яғни кім-кімді де кемсітпей өз ортасына қабылдай алу қабілетін білдіреді.
Жаһандық тұрғыдан алғанда, шаңырақ ұлттық сана-сезімдегі ел, мемлекет ұғымын бейнелейді, сондықтан да ол елтаңбаның жүрегінде орналасқан. Ендеше, осы мереке күндері шаңыраққа ерекше көңіл бөлінетіні түсінікті жайт болса керек.
Жалпы, «Шаңырақ» күні елдегі жас ұрпақты тәрбиелеу ісін дұрыс жолға қойып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік, білімқұмарлық пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға сеп болады

Базарлық - алыс сапарға, сауда жолына шыққан адамдардың үйіне, көрші-қолаң, сыйлас адамдарына, жас балаларға, жерлестеріне әкелетін ірілі-ұсақты сыйлықтары, тарту-таралғысы.
Базарлық әдетте өз елінде сирек кездесетін таңсық зат, бұйым түрінде болады. Дәстүрлі ортада базардан келе жатқан кісіден базарлық сұрау салты болған. Ескеріп базарлық әкелу - жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі, қауым мүшелерінің арасында дәнекер, әлеуметтік, моральдық қатынастарды жүзеге асырудың бір тетігі ретінде де бағамдауға болады
26
Наурыз
2024
|

Көрісу күніне арналған “Аталар мұрасы- халық қазынасы” атты аудандық ата мен немере байқауына Маненов Самат Мәненұлы және 3-сынып оқушысы Қожайберді Әлижан қатысып, ”Ең үздік бата” номинациясына ие болды.
Жетекшісі: Қанайбек Х.А.
Құттықтаймыз!!!
26
Наурыз
2024
|

Көрісу күні - Амал мерекесі.
Мектебімізде # 4 Ертіс жалпы орта білім беру мектебінен ұлттық құндылығымызды дәріптеп келген әріптестерімізді құшақ жая қарсы алдық. Қонақтарымыз амандасып, көрісіп, дәмдерін әкеліп ұсынса, біздің ұжымымыз шашу шашып, домбырада күмбірлете күй ойнап, ән салып , қонақтарымызға құрмет көрсеттік.
26
Наурыз
2024
|

5-6 сынып оқушыларымен "Радикализм, экстремизм және терроризм" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың радикализм, экстремизм және терроризм туралы түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұрындыру
Өткізген: Шарипов Қ.Ж.
26
Наурыз
2024
|

Жоспарға сәйкес жоғары сынып оқушыларымен "Адалдық алаңы" атты пікірталас сайысы өткізілді
26
Наурыз
2024
|

Қарақұдық ЖОББМ-нің педагог -психолог маманы Исабекова К.К. «Өзгеріс желі» облыстық психологтар форумы аясында өткен іс-шаралар марафонына қатысты. Жоғары сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар бойынша «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесу кеші өтті.
Кеш қонақтары:
Жумабаев А.Ж.- Павлодар облысы ветеринария басқармасының бас маманы,
Токушев А.Ж.- дәрігер-дерматолог,
Садвaкасов А.Г.-Ертіс ауданы ПБ кадр жұмысы жөніндегі орынбасары,
полиция подполковнигі,
Арынгазинова А.К.- Ертіс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы,
Исабеков С.К.- Алғашқы әскери және техникалық дайындық оқытушысы,
Есенбекова А.Б.- Қарақұдық ауылдық округі ММ аппаратының бас маманы,
Шарипов Қ.Ж.- Қарақұдық ЖОББМ-нің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Шара барысында қонақтар өз мамандығы жайлы мәлімет беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Бұл кездесу жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауға және кәсіби бағдарларын қалыптастыруға септігін тигізеді деген ойдамыз .